Қор басшысы Әбілқайыр Сқақов бірнеше филиалдың директорын таныстырды.
Басқарма төрағасының бұйрығымен Бахит Исмаханбетов Қордың Түркістан облысы бойынша филиалының директоры қызметіне тағайындалды. Бұған дейін Маңғыстау және Қызылорда облыстары бойынша филиалдарын басқарған. Оның 36 жылдан астам үлкен жұмыс тәжірибесі бар әрі оның 29 жылын басшылық лауазымдарда атқарды.
Сәбит Құралбек Жамбыл облысы бойынша филиалына басшы болып келді. Бұрын ол Шымкент қаласы, Алматы және Атырау өңірлерінің филиалдарын басқарған. 28 жылдан астам тәжірибесі бар, оның 20 жылын басшылық қызметтерде істеді.
Өз кезегінде Ләззат Әлімова Жамбыл облысы бойынша филиал директоры қызметінен Шымкент қаласы бойынша филиал директоры болып ауыстырылды. Ол 36 жыл еңбек өтілінің 35 жылын басшылық лауазымдарда істеді.
«Құрметті әріптестер, сіздер денсаулық сақтау жүйесінде жинақталған тәжірибелеріңізді өз өңірлеріңізде Қордың жұмысына жаңа сапалы бағыт бересіздер деп үміттенемін. Ортақ мақсаттарға қол жеткізу жолында табыс тілеймін», - деді филиал директорларын ұжымдарға таныстыру барысында Қордың басқарма төрағасы.
Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кадрларды ротациялау жүргізілуде. Осыған байланысты бірнеше филиалдың басшылары ауыстырылды.

Өз кезегінде Ләззат Әлімова Жамбыл облысы бойынша филиал директоры қызметінен Шымкент қаласы бойынша филиал директоры болып ауыстырылды. Ол 36 жыл еңбек өтілінің 35 жылын басшылық лауазымдарда істеді.

Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кадрларды ротациялау жүргізілуде. Осыған байланысты бірнеше филиалдың басшылары ауыстырылды.
10.07.2024
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025